Біздің үздік блогтарымыз

Міне, бүгін жиырмасыншы қараша. ”Біздің ауыл” үздік блогтар жүлдесінің мәреге жететін күні. Мәреге жеттік те. :)

Осының алдында хабарланғандай мынадай аталымдар бойынша жылдың үздік блогтары анықталды.

Үздік аспаздық блог, Үздік жалпы блог,  Үздік жаңалықтар блогы, Үздік тақырыптық блог және ”Біздің ауылдың” арнайы жүлдесі (3 блогшыға)


Үздік аспаздық блог

Қазақ тілді блогтардың, тіпті, қазақ тілді интернеттің көркін қыздырған, талай астың дайындалуы мен басқа да нұсқаулықтарын талмай, үзбей көрсете білген жалғыз блог бар. Ол — Элвираның виртуалды асханасы, яғни, Аспаздық блогы. Осындай керемет виртуалды асхананың аспазшысы болған Элвираға біздің ауылдықтардың айтар алғысы мол. Астарыңыз дәмді бола берсін!

Үздік жалпы блог

Қазақша блогтардың алғашқыларының бірі болған, блог қана емес, сонымен бірге ән-жырдың ортасы саналатын бір блог бар. Тек ән ғана емес басқа да толып жатқан тақырыптарға арналған жазбаларға толы блог өзі. Нәски жайлы тақырыптан бастап мұнай саласындағы қисыны келмей жүрген сөздердің аудармаларына дейін жазатын блог бар. Ол блогтың Нұрғиса атты қожайыны бар. Міне, сол блог ең үздің жалпы, яғни, жан-жақты блог болып отыр. Нұрғиса, жеңісіңіз құтты болсын!

Үздік жаңалықтар блогы

Блогтардың арасында жаңалықтарды жазып, қысқа әрі нұсқа қайыратын бір журналист бар. Жаңалықты жалықтырмайтындай қылып жазады. Жаңалық жазғанда да ақпарат агенті ретінде емес, сіз бен біз секілді блогшы ретінде жазады. Тек қазақстанның емес, сондай-ақ, Малай елінің де жаңалықтарын жазған кездері болды. Ол ағамыз —  медиа мектептің қасқыры немесе жай ғана urimtal. Асхат, блогыңыздың үздіктер қатарынан табылуымен!

Үздік тақырыптық блог (”Жаңа медия және журналистика” тақырыбы бойынша)

Егер менен біреу: ”Блогшылардың арасында жаңа медия мен журналистикаға қатысты жазатын адам бар ма?” деп сұраса, бірден Әлияны (Arsenal777) айтар едім. Олай айтсам, қателеспеймін. Сіздер де солай айтар едіңіздер :) . Егер қазақтілді әр бір жүзінші журналист Әлия секілді қазақтілді интернеттің дамуына өз үлесін қосса, онда ….. керемет! Біздің ауылдықтардың құттықтауын қабыл алыңыз!

Мұнымен қазақша үздік блогтардың тізімі бітпейді. ”Біздің ауыл”-дың әлі де үш үздік блогы бар.

”Біздің ауылдың” арнайы жүлдесі

Үздіктердің бірі болған ол блогты көп нүктесі бар үш қана сөзбен айтуға болады: Ақын… Періште… Махаббат… Атауында үш сөз болғанымен оқырмандарына айтары, берері және тағысын тағылары көп блог. Ол блогтың иесінің қанаты бар екен, кейбіреулерге сенсек :) Ақзере, сіздің де блогыңыздың үздіктер қатарынан табылғаны үшін және біздің ауылдың жүлдесіне ие болғанымен құттықтап, қанатыңыздан қағып қоялық!

Ауылдың арнайы жүлдесіне ие болған келесі ерекше блогтың аты қызық. Алғашында БАЛДЫРҒАН болар деп ойлағам, сөйтсем, БАЛҒЫРҒАН екен :) . Ол блогтың бір ерекшелігі — жазбалардағы сөздер қаз-қалпында жазылады. Әдеби тілге салынып, көркемделген диалогтық әңгіме таппайсыз. Есесіне, керемет жазылған аудармалары мен Алматы автобустарындағы қызықтыжағдайлардан сыр шертетін жазбалары бар. Салтанат, опшым, түсіндіре алмай кетсем кешіріп қоярсыз. Сіздің блогыңыз да қазақтілді блогтардың арасындағы ерекшесі. Құтты болсын!

Келесі бір үздік блогтың иесі ерке қыз. Жазған жазуларынан ол қыздың қандай адам екенін де біліп алған сияқтымын :) . Ол қыз — ақын қыз. Ақын қыз, блогшыларға өте жақын қыз. Махаббат атты нәзік сезім жайлы жазғанда тамсанамын. Блог жазуды бастағанына көп уақыт болмаса да, өтеее белсенді. Айжан, осы алған беттен таймаңыз. Сіздің де қазақтілді интернеттің дамуына қосар үлесіңіз көп болғай! Сізді де құттықтаймыз!

______________________________________________

Міне, ағайын. 2009 жылдың үздік блогтарын ”Біздің ауыл” танымдық блогы осылайша қортындылап, өз таңдауын жасады. Мықтының мықты екендігін жасырмайды.

Үздік блогтардың иелеріне үлкен алғысымызды айтамыз. Сіздердің еңбектеріңіздың арқасында қазақтілді интернеттің қоржыны толықты, әлі де толыға түседі деп сенемін. Сіздердің шынайы өмірлеріңізге бақыт, табыс және сәттілік тілейміз! Аман болыңыздар!

Жеңімпаздардың сыйлықтарын үлестіру жайында жеңімпаздармен жеке байланыс орнатамыз.

_________________________________

”Біздің ауыл” үздік блогтар жүлдесінің ақпараттық әріптесі болған Әлия Сембайға ерекше алғысымызды білдіреміз!

  • Share/Bookmark
1234567890

Пікірлер

20 пікір бар || “Біздің үздік блогтарымыз”
  1. Әлия says:

    Барлық блогшыларды құттықтаймын :)

    Үзінді

  2. Жазира says:

    Барлық жеңімпаз блогшыларға құтты болсын айтамын!
    Жазар көбейсін!

    Үзінді

  3. Ақзере says:

    Охо! Рахмет, Аңсар! :)
    Сіздерді де құттықтаймын ;)

    Үзінді

  4. Boken says:

    Барлықтарыңызды құттықтаймын :-)

    Үзінді

  5. IslamCom_Kz says:

    Барлық блогшылар! Еңбектеріңіз жемісті болсын.

    Үзінді

  6. balgyrgan says:

    вах!!!

    Жеңімпаздарды құттықтаймын!!!

    Үзінді

  7. balgyrgan says:

    ах да :) ))

    Менің блогымды бағалағаныңа кӨп рахмет :)

    Үзінді

  8. elvira says:

    рахмет, Аңсар! Осы жүлдең арқасында Айжанның блогымен танысқан болдым. құнды нәрсе. өлеңдері ұнады. btw, студент басыңмен сыйлыққа әуре болушы болма! окейлестік па?

    Үзінді

    • Ansar says:

      Біздің ауыл — бай ауыл :) Сыйлық жағынан сіздер де ауылдықтар да ортақ тіл табады деп ойлаймын.

      Үзінді

  9. Қосақ says:

    Жүлдегерлер жүлделерің құтты болсын!

    Үзінді

  10. Ұшқанда қанатың, желмаядай желіп отырғанда аяғың талмасын, жас қыран! Сен бүгінгіңді ертеңгіңмен сабақтастырып, заманаңның жаршысы, жалғаушысы боласың. Қиқым мен шиқым емес, ірі көріп, адал жазар болсаң жұрттың алары да адал болар. Әйтеуір, осы пейілдер оң, қадамдар батыл, ниеттер кәміл бола берсін!!!

    Үзінді

  11. Жылдың үздігі болған барлық Қазақ ұлтының ана тілімен жазатын блогшыларға шын жүректен алғысымды білдіремін.Бүгін сіздермен АТАТАНЫМ атты жаңа блогымның тусаукесерін жасатпақпын.Бұл блогтың әкімшілігі Моңғолияның Ұлттық Баян-Өлгий аймағына орналасқан.

    Үзінді

  12. Aizhan says:

    wyn aitsam taaan kalyp otyrmyn! kalai?

    rahmet!

    katty tan kaldym!

    Үзінді

  13. көкбөрі says:

    Ана тілінің жан ашыры қазақ блогының өзіндік ынтагері боп журген Ансарға шексіз ризамыз !!!

    Үзінді

Trackbacks

Check out what others are saying about this post...
  1. [...] balgyrgan on the Қараша 24, 2009 Мәзбін! Мәәәәзбін! Кучкунтай жеңіс Былтыр тихо-мирно-не официально жеңген едім(сол кезде [...]

  2. [...] оқып жүрген Сағын эксклюзивті сұхбат берді. Ансар бұл байқауды не себепті ұйымдастырғанын, қазақ блогсферасына [...]

  3. [...] жүргені ғарыш саласына қатысты. Өткенде өз блогында Ансар байқау жариялаған. Жүлдегерлеріне біраз қызық кітаптар әкеліпті. Қазір [...]



Пікіріңізді жазыңыз

Tell us what you're thinking...
and oh, if you want a pic to show with your comment, go get a gravatar!