Жай ғана эстафета біздің ауылда

Біздің ауылдың іргесіне көрші ауылдардың бірінде басталып, басқаларында жалғасын тапқан эстафета келіп жетіпті. Эстафета демекші, осы сөздің қазақшасы бар ма екен?

Өмір туралы

Өмір деген сөздің астарын бірнеше сөйлеммен немесе бір жазбамен ашып бере алмасым анық. Сонда да болса өз түйсігімдегі бірер ойды жазайын.

Өмір біреуге шаттық біреуге мұң, біреуге жеңіс біреуге жеңіліс болып келген үлкен ”теңіз” . Шегі бар ол теңіздің де.

Өмірді адамдар өздерінің қалауындай жасай алмағандарымен, өздерінің іс-әрекеттерімен жасайды. Ал іс-әрекет пен адамның қалауының үйлеспей жатуынан өміріміз қиындап жатса, оған ешкімді кінәлауға болмас.

Уақыт туралы

Эх, қайран … уақыт-ай! басқаның қадірін білсем де сенің қадіріңді білу мен үшін бір мұң болды ғой.

Отбасы туралы

Отбасылы емеспін. Сонда да ата-анам еншімді беріп жібергенге ұқсайды.

Өмір деген теңізді ұстап тұрған, өзінің суын құйып тұрған осы отбасы ма екен деп те ойланамын. Әрине, бұл менің жеке ойым.

Әлі жаспын ғой. Бірақ‘Қыстың қамын жаз ойлар” демекші, болашақ отбасылық өмір жайлы ойлар әзірден-ақ  кезекті күн тәртібінен түсер емес.

Ақша туралы

”Ақша — қолдың кірі” деп, ақшаны өмірдегі ең қажетсіз немесе маңызсыз дүние деп мүләйімси алмаймын. Кейде қолдың да кір болғаны абзал. Адал ақшаны табатын адамдардың қолы көп жағдайда еңбектің арқасында кірлеп тұрса, жақсы емес пе.

Ақшаның көбірек болғанын қалаймын. Бар ақшамдыөзімді билетіп қоюға қарсымын. Себебі, қандай жағдай болмасын, дүниенің құлы болғым келмейді. Байлықтың жүректе емес, қолда болғанына не жетсін.

Достар туралы

Дос деген сөз бен ”дос” деген сөздің арасы жер мен көктей екенін түсінгелі айналадағы адамдарға деген көзқарасым өзгеріп, талап күшейді. ”Достар” дегендерді жай ғана өмірдегі жақын/алыс таныстар дер едім.

Арман туралы

Жақсы әрекеттер жайлы ойлау армандардың ең биігі. Себебі, кез-келген арман басқалар (қоғам) үшін жақсы бола бермейді.

Армандарым көп. Армандаймын, демек өмір сүремін. Тек өмір сүріп қоймай, сол асқақ армандарға жету жолында өмір сүремін.

Орындалмай қалған арман өмірдегі ұтылысты білдірмейді. Немесе, сөздің бақытсыздығыңыздың дәлелі емес. Өйткені, өмір әрқашан да біздің қалауымыздағыдай бола бермейді. Бәрі жалғыз ғана Аллаһтың қалауымен болады. Біздің қалауымыз әрқашан да одан кейін тұрады.

Жұмыс пен хобби

Әзірге жұмыс істемеймін. Бірақ, жұмыссыз емеспін.  Хобби дегеннен аздап мақрұмдау екенмін. :(

Ұстаным туралы

Қандай ұстаным болмасын, алдымен, өзіңі, сонан соң айналадағы адамдарға зияны болмайтындай болуы керек. Ал пайдалы болуы кейінгі кезектегі шаруа.

Өз басым, ”Зиян келтірме”, ”Ақиқатын айт, адамға жақпаса да Құдайға жағады”, ”Аманатқа қиянат жасама” деген ұстанымдармен өмір сүремін. Ал қарапайым болу бұ дүниедегі адамдықтың ең жоғарғы дәрежесі деп білемін.

Ақылға сыймайтын әрекеттер

Ұйқы: шамадан тыс ұйқы. Күлкі: орынсыз күлкі. Жасампаздық.

Болашақ туралы

Әрқашан да болашақтың жақсы болатындығына сенгім келеді. Ал болашақта жақсы болматындай дәлелдерді бүгін көріп жатсам, қатты қиналамын. Дегенмен де, өмір болашақтан жақсылықты күтудің дұрыс екендігін үйрететін сыңайлы.

Өзімнің болашағымның жарқын боларына үміт етемін және сенемін.

Мен де адаммын. Демек, басқаларда бар артықшылықтар пен кемшіліктердің және басқа да қасиеттердің менің де бойымда болуы — заңдылық.

Бұл эстафета маған Айнұр ханымнан аманатталып еді. Ендігі кезекті, егер қарсы болмаса, Малай асырып,  Асхат ағаға бердім.

Ұқсас жазбалар:

http://balgyrgan.wordpress.com/2009/09/01/жәй-эстафета/

http://ruslannnn.wordpress.com/2009/09/01/жәй-эстафета/

http://arsenal777.wordpress.com/2009/09/02/жәй-эстафета/

http://chandni.yvision.kz/blog/17131.html

http://akzere.wordpress.com/2009/09/01/жәй-эстафета/

http://bayan.dosym.kz/?p=219

  • Share/Bookmark
1234567890

Пікірлер

5 пікір бар || “Жай ғана эстафета біздің ауылда”
  1. Ақзере says:

    “Байлықтың жүректе емес, қолда болғанына не жетсін” – мұнда орыны ауысып кеткен жоқ па случайно? :)

    ”Зиян келтірме”, ”Ақиқатын айт, адамға жақпаса да Құдайға жағады” – екеуінде біраз қарама-қайшылық бар сияқты.
    Кейде сен үшін ақиқат нәрсе, басқасына қалыпты болып жатады. Тіпті осы өмірде ақиқат бар ма дейсің?

    Үзінді

  2. Ansar says:

    Ақзере,

    ол байлық дүниелік байлық қой. Мүмкін, сіз жүректің бай болуын айтатын боларсыз. Онымен келісемін. Бірақ мұнда ақшаға қатысты дүниелік байлық жайлы еді.

    Екеуінде қайшылық жоқ мен үшін. Себебі, жалғандықпен жазықсыз адамға зиян келуі әбден мүмкін. Ал ақиқаттан жапа шеккен жазықты болса, онда оған жасалған зияндылық емес, алған жазасы болар :) Өмір де солай емес пе. Еш нәрсе жауапсыз қолмайды.

    Әрине, ақиқат болады, егер сіз бен біз соған ұмтылсақ. Дүниенің өзі ақиқаттан құралған. Жалғандық жоқ. Жалғандықты, әділетсіздікті адамдар жасап алған.

    Өз ойыңызды жазғаныңыз үшін рахмет! :)

    Үзінді

  3. Ақзере says:

    Менше сол ақиқатты да адамдар жасап алған. Жалпы әрнәрсеге әр түрлі фокустан қарап үйрену керек… ))

    Үзінді

  4. Джон - негр баласы says:

    Отбасылы емеспін. Сонда да ата-анам еншімді беріп жібергенге ұқсайды.

    Екінші сөйлемде жазылғанды онша түсінбедім. “Еншімді беріп жіберді” деген не?

    Үзінді

  5. Ansar says:

    Джон – негр баласы: Отбасылы емеспін. Сонда да ата-анам еншімді беріп жібергенге ұқсайды.Екінші сөйлемде жазылғанды онша түсінбедім. “Еншімді беріп жіберді” деген не?

    Қазақ халқында ұлын ұяға, қызын қияға қондыру ата-ана үшін үлкен жауапкершілік, парыз ғой. Егер ұлы үйленіп, отбасылы болып жатса, бар малынан баласына тиесілі бөлігін бөліп беріп, жаңа қоныс иесі етіп, бөлек отбасы етіп басқа үйге шығарады. Соны еншісін беру дейді. Одан кейінгі өмірі өз алдына болады. Мен де де соған ұқсас өмір еді.

    Үзінді

Пікіріңізді жазыңыз

Tell us what you're thinking...
and oh, if you want a pic to show with your comment, go get a gravatar!